Шымкент филиалында әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша оқу-жаттығулары өтті
Салынған уақыты 04.06.2018 10:41
2018 жылғы 30 мамырда Шымкент Шымкент филиалы аудандық диспетчерлік орталығының (бұдан әрі – АДО) әуе кеңістігінде әуе қозғалысына қызмет көрсетудің бұзылуымен байланысты күтпеген жағдайлар орын алған кезде әуе қозғалысын ұйымдастыру бойынша оқу-жаттығулары өткізілді.
Оқу-жаттығулардың мақсаты - ӘҚЖ БО, Шымкеннт филиалының ӘҚҚ және РТЖБП қызметтері персоналының төтенше жағдайларға даярлық деңгейін арттыру мен Шымкент филиалы АДО жауапкершілік аумағында ӘҚҚ бұзылуымен байланысты күтпеген жағдайлар орын алған кезде жылдам және жаттыққан әрекет жасауға үйрету.
Аталмыш іс-шара «Қазаэронавигация» РМК құрылымдық бөлімшелерінде күтпеген жағдайлар кезінде ӘҚҚ ұйымдастыру бойынша оқу-жаттығуларын өткізу жылдық бағдарламасына» сәйкес өткізілді.
Оқу-жаттығуларда Шымкент филиалы ӘҚҚ және РТЖБП қызметтерінің персоналы мен ӘҚЖ БО Әуе қозғалысын жедел жоспарлау мен бақылау бөлімінің персоналы әрекет жасап қатысты. Оқу-жаттығулар сценарийіне сәйкес, әуе қозқағылысына қызмет көрсетудің бұзылу себебі салдарынан КДП ғимаратының қирауына әкеп соғатын күшті жер сілкінісі болып табылды.
Оқу-жаттығулар барысында диспетчерлік жаттығу құрылғысында ӘҚҚ персоналының кешенді тапсырмаларды орындауымен ӘҚҚ қызметі кезекші ауысымының жұмысы имитацияланды. Күшті жер асты дүмпулері туралы енгізулері келіп түскен кезде, АДО жауапкершілік аумағында 5 ӘК болды. Ұшу басшысы эвакуацияның басталғаны туралы шешім қабылдайды, АДО және «Мұнара» ДП диспетчерлеріне ӘҚҚ-да тұрған әуе кемелерінің экипаждарын және іргелес диспетчерлік пунктерді «күтпеген жағдайдың» сипаты мен эвакуацияның басталғаны туралы ақпараттандыруға нұсқау берді, ӘҚЖ БО Әуе қозғалысын жедел жоспарлау және бақылау бөліміне ӘҚҚ бұзылуы туралы хабарлады. Осыдан кейін ауысым диспетчерлік пунктерден кетті.
Астана қаласы ӘҚБ АЖ орталығы негізінде құрылған Жедел топ Шымкент АДО ӘҚҚ органдары қызметінің толық шектелуі кезінде, «Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінде ӘҚҚ бұзылуымен байланысты күтпеген жағдайлар орын алған кезде әуе қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарының» әрекет жасай бастағаны туралы ақпаратты пайдаланушыларға мәлімдей отырып, альтернативті маршруттарды енгізумен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде халықаралық ұшулардың үздіксіз орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданды.
Өткізілген оқу-жаттығу нәтижелері бойынша жақын уақытта ӘҚҚ бұзылуымен байланысты күтпеген жағдайлар орын алған кезде әрі қарай даярлықты және жаттыққан әрекет жасауды жетілдіру үшін оқу-жаттығуларға әрекет жасап қатысқан Кәсіпорын персоналының әрекет жасауына талдау ұсынылатын болады.
1470