ruenkz

2022 жылы жұмысын бұлжытпай орындаған авиакомпаниялар анықталды

Салынған уақыты 20.01.2023 09:55

2022 жылы жұмысын бұлжытпай орындаған авиакомпаниялар анықталды

Британдық OAG зерттеу компаниясы әлемдегі жұмысына ең ұқыпты қарайтын авиакомпанияларды атады. Сонымен, ең ірі авиакомпаниялардың рейтингісінде (бұл 2022 жылы ең көп рейс орындаған 20 тасымалдаушы) Жапониядан All Nippon Airways (ANA) және Japan Airlines компаниялары көш бастап тұр. Олар рейстерін уақытында, яғни тиісінше 15 минуттан, 88.8% және 88.1% - дан кешіктірмей орындаған.

Үшінші және төртінші орындарды испандық LATAM Airlines (85%) және Azul Airlines (84.9%) иеленді. Бесінші жол үнділік IndiGo-ға тиесілі (83.5%).

Сонымен қатар, үздік ондыққа АҚШ әуе тасымалдаушылары — Delta Air Lines, Alaska Airlines, United Airlines, American Airlines және Spirit Airlines кірді, олардың көрсеткіші 73.2 - 81.8% құрады.

88