АҚШ жолаушылары тегін Wi-Fi қолданылатын болады
Салынған уақыты 18.01.2023 12:04
АҚШ-тың Delta AirLines авиакомпаниясы өз жолаушыларына бортта тегін Wi-Fi ұсынуды жоспарлап отыр. 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап Delta көптеген ішкі рейстердегі барлық клиенттер жоғары жылдамдықты тегін Wi-Fi қолданылатын болады.
Компанияның релизіне сәйкес, авиакомпания бұл қызметті 2023 жылдың соңына қарай 700-ден астам ұшақта ұсынса, 2024 жылдың соңына қарай ақысыз Wi-Fi халықаралық және аймақтық ұшақтарда қолжетімді болады. Delta бас директоры Эд Бастиан Wi-Fi құны билетке немесе басқа комиссияларға қосылмайтынын атап өтті. Компания адамдарға осындай қызмет көрсету үшін 1 миллиард доллар инвестициялады.
Айта кетейік, мұндай қызметті басқа авиакомпаниялар да ұсынады. Алайда, құны билет бағасына қосылады. Бұған дейін еуропалық авиакомпаниялардың бортында 5G сымсыз байланыс пайда болады деп хабарланған болатын, бұл жолаушыларға ұшу кезінде ұялы телефонмен тікелей қоңырау шалуға және интернетті пайдалануға мүмкіндік береді.
1973