Қазақстандағы авиакомпаниялар «қара тізім» енгізуі мүмкін
Салынған уақыты 17.01.2023 11:57
BaigeNews.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасай отырып, қазақстандық авиакомпаниялар жолаушыларды «қара тізімге» енгізе алады деп хабарлайды. Бұл норма 2022 жылдың соңында ел Президенті қол қойған «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңдармен енгізіледі.
Әуе кемесінің бортында құқық бұзушылық жасаған жағдайда жолаушы осы құқық бұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік жаза немесе айыптау үкімін қолдану туралы заңды күшіне енген сот қаулысының негізінде бір жылға тізілімге енгізілуі мүмкін. Комитет азаматтық авиацияда авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы деректерді ұсыну жүйесі арқылы уақытылы хабарлайтын авиациялық персоналдың еңбек құқықтарын қорғау тетігін көздейтін «әділ мәдениет» қағидаты енгізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және белгілі бір санаттағы әуеайлақтарды сертификаттау үшін жауапкершілігі көзделеді, ал бұрын бұл талап әуеайлақтардың барлық санаттарына қолданылған.
Бұдан басқа, осы заң жобасында авиакомпаниялар жолаушыларды мобильді нөмір және электрондық пошта арқылы рейс мәртебесінің өзгеруі туралы, өзгерістердің себептері мен жаңа ұшу уақыты туралы немесе жаңа маршрут туралы, сондай-ақ рейс мәртебесінің өзгеруіне байланысты авиакомпаниялар ұсынатын қызметтер тізбесі туралы уақытылы хабардар етуге міндеттелді.
Сондай-ақ, заңда ұшу қауіпсіздігін арттыру, жерді пайдалануды шектеу және әуеайлақ маңындағы аумақта объектілер салу туралы айтылады. Қаржылық қиындықтарға тап болған және өзінің операциялық шығындарын қамтамасыз ете алмайтын аймақтық әуежайлар субсидия алатын болады.
1707