ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Орал филиалында салтанатты шара өткізілді

Салынған уақыты 06.01.2023 16:31

2022 жылғы 29 желтоқсанда «Қазаэронавигация» РМК Орал филиалында әкімшілік-шаруашылық бөлім қызметкері И.Х. Ермекбаевты зейнет демалысына шығарып салуға орай ұйымдастырылған салтанатты шара өткізілді.

Орал филиалы директоры ұжым атынан ұзақ жылдар бойы жүргізуші лауазымында жұмыс жасаған Исламғали Харекесұлы Ермекбаевты зейнеткерлікке шығуымен құттықтады. Еңбек еткен жылдар барысында Исламғали Харекесұлы әріптестерінің құрметіне ие болды, өзін жауапкершілікті сезінетін, ұқыпты қызметкер екенін көрсетті.

Әкімшіліктің және кәсіподақ комитетінің атынан естелік-сыйлық пен алғыс хат табысталды.

  

240