Қазақстан мен БАӘ арасындағы рейстер саны артып келеді
Салынған уақыты 29.12.2022 09:13
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті БАӘ авиациялық биліктерімен бірлесіп, мереке күндері мен каникул кезеңінде авиабилеттердің құнын төмендету мақсатында БАӘ-ге рейстер санын көбейту туралы шешім қабылдады.
Мәселен, 2022 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 14 қаңтарға дейін "Fly Dubai" әуекомпаниясы Астана – Дубай және Алматы – Дубай бағыттары бойынша қосымша 10 рейсті орындауды жоспарлап отыр. Рейстер Б-737 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.
Рейстер санының артуы ҚР мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өту маңызды.
1158