ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК жұмыскерлері Qysqy jűgiru 2022 жарысына қатысты

Салынған уақыты 27.12.2022 12:00

Өткен жексенбіде 25 желтоқсанда Астана қаласында Триатлон федерациясы ұйымдастырған 10 шақырым қашықтықты қамтитын Qysqy jűgiru 2022 жаңа жылдық жарысы өтті.

Аязды ауа-райына қарамастан, жарысқа тек Астана қаласының тұрғындары ғана емес, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау және Қазақстанның басқа қалаларынан келген жүгіру әуесқойлары да қатысты.

«Қазаэронавигация» РМК жұмыскерлері бұқаралық спорттық жарыстардың тұрақты қатысушылары болып табылады. Бұл жолы жаңа жылдық жарысқа әуе кеңістігін ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы Н.Е. Томпиев және қызметкерлермен жұмыс және әлеуметтік мәселелер бөлімінің бастығы Х.А. Сераев қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.

Барлық қатысушылар мәреге аман-есен жетті., Мәреде жарысқа қатысушыларды медальдармен марапаттады, сонымен қатар ыстық шай мен дәмді бауырсақ ұсынды.

2102