ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Қарағанды филиалының жұмыскерлері «Әнет баба» мешітінің имамымен бірлесіп, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Салынған уақыты 23.12.2022 09:32

Біздің еліміздің адамдарында ақ ниет пен  жанашыр жүрек бар. Табиғаты бойынша жанашыр және мейірімді болғандықтан, олар әрқашан қайырымдылыққа бейім болады.

Мәселен, жаңа 2023 жылды қарсы алу алдында «Қазаэронавигация» РМК Қарағанды филиалының жұмыскерлері «Әнет баба»  мешітінің  имамымен бірлесіп,  қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

«Әнет баба» мешітіне мұқтаж отбасылар шақырылды.Олармен кездесу барысында филиал директоры Ф. Қ. Құнанбаев оларға денсаулық, бейбітшілік және жақсылық тіледі. Жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік жиынтығы, ет, балаларға тәттілер таратылды.

 

441