ruenkz

ИКАО мен ДДҰ Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қою үшін серіктестіктерін нығайтуда

Салынған уақыты 22.12.2022 10:25

ИКАО мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) арасындағы жаңа келісім COVID-19 пандемиясы және басқа да ықтимал Қоғамдық денсаулық сақтау төтенше жағдайлары контекстінде халықаралық тасымалдауларға қатысты нақты деректер мен қауіп факторларын бағалауға негізделген тәсілдерді енгізуді қарастырады.

ИКАО Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар мен ДДҰ бас директоры доктор Тедрос Адхан Гебрейюс қол қойған келісімде Біріккен Ұлттар Ұйымының екі мекемесін де өз мандаттары шеңберінде мүше мемлекеттер мен мүдделі сала өкілдеріне саяси және техникалық мәселелер бойынша ұсыныстар беру және көмек көрсету болып табылатын ынтымақтастықты жалғастыруға және нығайтуға шақырады.

«ДДҰ ИКАО-мен ондаған жылдар бойы азаматтық авиациядағы Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша, оның ішінде 2009 жылы құрылған азаматтық авиациядағы халықтың денсаулығына төнетін қауіптердің алдын алу және оларды еңсеру жөніндегі ынтымақтастық тетігін (CAPSCA) іске асыруды қолдау бағдарламасы аясында ынтымақтасады. Бұл ынтымақтастық COVID-19 пандемиясының басында БҰҰ-ның барлық ауқымында әрекет ету шаралары шеңберінде жанданды.» - деп атап өтті ИКАО Бас хатшысы Саласар мырза. «Ол жаһандық әуе тасымалы желісін қауіпсіз және тұрақты қайта іске қосу мен қалпына келтіруге келісілген және оңтайландырылған тәсілді әзірлеген ИКАО Авиацияны қалпына келтіру кеңесінің (АҚКК) жұмыс тобындағы табысты ынтымақтастығымызға негізделген».

Бірлескен жұмыс жоспары осы Келісімді іске асыру бағытын айқындайтын болады. Ол ынтымақтастықтың басым бағыттарын анықтау және қажет болған жағдайда өзгерту үшін ынтымақтастық пен бірлескен қызметті үнемі талдауға арналған мониторинг және бағалау жүйесін қамтиды. Екі ұйым да осы келісімді азаматтық авиация мен қоғамдық денсаулыққа қатысты мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастық орнату үшін пайдаланатын болады.

1584