ИКАО семинарына қатысу жөніндегі ақпарат
Салынған уақыты 01.06.2018 14:39
2018 жылғы 29-30 мамыр күндері Мәскеу қаласында өңірлік тиімділік көрсеткіштері жүйесі жөніндегі ИКАО халықаралық семинары өтті.
Семинардың тақырыбы ИКАО Еуропалық өңірінің Шығыс бөлігіндегі мемлекеттердің аэронавигациялық жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігі мәселелерін қамтыды.
Семинардың жұмысына «Еуразия» үйлестіру кеңесіне мүше елдер - Ресей Федерациясының, Беларусьтің, Қазақстанның және Қырғызстанның аэронавигациялық кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
«Қазаэронавигация» РМК атынан семинарға әуе қозғалысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы С.Қ. Парманов қатысты.
Семинар қатысушыларының жалпы саны – 50 адам.
Аталған семинар өңірлік тиімділік көрсеткіштері жүйелерін енгізуді қолдауға арналған семинарларды ұйымдастыру мақсатында EANPG/59 – Еуропа аэронавигациялық жоспарлау тобының кеңесінің шешіміне сәйкес өткізілді. Аэронавигациялық жүйелердің жұмысының басты көрсеткіштерімен және тиімділік индиакторларымен байланысты мәселелер қаралды (қауіпсіздік, тиімділік, өткізу қабілеті, қоршаған орта және т.б.).
Ұйымдастыру мәселелері бойынша Ресей Федерациясының «Госкорпорация по ОрВД» федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорны тарапынан жалпы қолдау көрсетіліп, семинарды ИКАО нысаналы тобының қатысушылары – ИКАО-ның Еуропалық/Солтүстікатлантикалық бюросы мен Еуробақылау өкілдері өткізді.
1450