Кәсіби дайындау орталығы TRAINAIRPLUS ICAO бағдарламасының толыққанды қатысушысы мәртебесін тағы да растады
Салынған уақыты 08.12.2022 09:25
TRAINAIR PLUS ICAO бағдарламасының толыққанды қатысушысы мәртебесін ұстап тұру мақсатында Кәсіби дайындау орталығы GAT ICAO кеңсесінің сарапшылары үш жыл сайын қайта бағалаудан (аудиттен) өтеді. Бірыңғай белгіленген талаптарға сәйкестігін қайта бағалау TRAINAIR PLUS бағдарламасының барлық мүшелері үшін міндетті болып табылады, бұл ИКАО-ға TRAINAIR PLUS бағдарламасының оқу ұйымдарының сапасы мен қызметін қадағалауды қолдауға мүмкіндік береді.
Пандемия мен саяхат шектеулеріне байланысты аудит бағдарламасы 2 кезеңге бөлінді: Бірінші кезең 2021 жылдың 22 ақпаны мен 1 наурызы аралығында арнайы режимде өтті, екіншісі GAT ICAO кеңсесінің сарапшы–аудиторы Хосе Риверос Кәсіби дайындау орталығына арнайы келе отырып, 2022 жылдың 23 ақпаны мен 24 қарашасы аралығында өтті.
Аудит сәтті өтті, TPP бағдарламасының белгіленген талаптарына сәйкессіздіктер анықталған жоқ. Сарапшы КДО аудитін жүргізудің, әсіресе чек-парақты дұрыс толтыру, КДО персоналының ұйымдастырылуы мен жеделдігі бөлігінде тамаша ұйымдастырылғанын атап өтті, бұл ИКАО аудитінен өту процесін жеделдетті.
Жалпы, Кәсіби дайындау орталығының GAT ICAO кеңсесімен өзара іс-қимылы тиімді өтуде. Осылайша, КДО құрылған сәттен бастап бағдарламаға қатысушыларға ағылшын тілінде 6 STP (ИКАО-ның стандартталған оқу пакеті) және 1 M-ITP (ИКАО-ның үйлесімді оқу-әдістемелік кешені) әзірленді.
Сондай-ақ, КДО штатында ИКАО курстарының екі валидаторы бар, олар ИКАО курстарының аға бағдарлама әзірлеушілері және ИКАО-ның білікті нұсқаушысы ретінде біліктілігі бар.
Сонымен қатар, Кәсіби дайындау орталығы ИКАО TP бағдарламасының басқарушы комитетіне кіре отырып, Комитеттің барлық онлайн және оффлайн отырыстарына, соның ішінде 2022 жылғы 1-2 қарашада өткен кездесуге белсенді қатысады. Онда әрі қарайғы қадамдар анықталып, аймақтардағы TPP мүшелерінің жоспарды талдауы мен жүзеге асыруын үйлестіретін мүшелерге өкілеттік берілді.
2055