ruenkz

2022 жылдың 24 қарашасы күні «Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалында тарихи бір күн болды

Салынған уақыты 01.12.2022 17:25

2022 жылдың 24 қарашасы күні «Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалында тарихи бір күн болды, филиал директоры Бауыржан Құрықбайұлы Молдалиев елбасымыздың «Мемлекетіміздің басты құндығылы – адам» деген жолдауын басшылыққа ала отырып адам еңбегі бағалануы тиіс деген  игі іс - шараны қолға алып, жиын өткізді. Бұл үлкен жиында филиалымызға ұзақ жылдар бойы еңбек еткен  қызметкерлеріміз марапатталды. Атап айтсақ 1989 жылы Гурьев авиаотрядының  радиотехникалық жабдық және байланысты пайдалану базасына радиооператор болып 17 жасында еңбекке араласқан, қайсарлықпен нәзіктікті  бойына сақтай білген әріптесіміз Гүлнар Зейноллақызы Ташенованы мерейлі 50 жасқа толуымен құттықтады. Бүгінде Гүлнар Зейноллақызы филиалдың еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі инженері лауазымында қызмет атқарады. Сонымен қатар, өткен Республика күні мемлекеттік мерекесіне орай, еңбектерінің жоғарғы нәтижелерін көрсете білген қызметкерлер әкімшілік-шаруашылық бөлімінің автомобиль жүргізушісі Әліби Садуатұлы Айтбаев «Қазаэронавигация» РМК бас директорының «Құрмет грамотасымен», әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің «Мұнара» ДП диспетчері Айбек Болатұлы Ақкенжин «Қазаэронавигация» РМК бас директорының «Алғыс хатымен» марапатталды. Адам мәртебесін көтеру мақсатындағы жиын 2020 жылғы 24 маусымда сұм ажал арамыздан алып кеткен, 40 жыл еңбегі сінген әріптесіміз радиотехникалық жабдық және байланысты пайдалану қызметі  ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету кешенінің 2-санатты инженері Сұңғат Нұрлығайынұлы Қапизовты еске алумен жалғасты.

Марқұм Сұңғат Нұрлығайынұлы Қапизов «Қазаэронавигация» РМК-ның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Индустрия және Инфрақұрылымдық даму министрлігі «Құрметті Авиатор» төс белгісімен марапатталды,  С. Н. Капизовтың еңбегін тану белгісі аталған шараға шақыртылған оның отбасына берілді. 

Жиын соңында барша әріптестер еске алу сөздерімен бірге құттықтау лебіздерін білдірді.    

 

438