ruenkz

Американдық лоукост-авиакомпаниялар жолаушыларға жылдық абонементтер ұсынады

Салынған уақыты 30.11.2022 16:41

Америкалық Frontier Airlines ультралоукост-авиакомпаниясы жолаушыларға жаңа өнімді ұсынды: жылдық абонемент бойынша АҚШ аймағында шексіз рейстерге икемді тарифтер.

2023 жылғы 2 мамырдан бастап құны 599 доллар болатын бір жылға жарамды Go wild абонементі қолданыла бастайды, деп хабарлады авиакомпания. Абонементтің талабы бойынша жолаушы билетті АҚШ-тың ішінде кез келген Frontier рейсінде ұшудан бір күн бұрын брондауы керек.

Frontier президенті Барри Биффл: «GoWild абонементі — бұл соңғы сәтте саяхатты жоспарлауды ұнататын және авиакомпаниялар күн сайын тасымалдайтын бос орындардың көптігінен пайда көретін адамдар үшін икемді кесте бойынша саяхаттаудың тамаша мүмкіндігі», — деп түсіндірді.

217