ruenkz

ИКАО Климаттың өзгеруі жөніндегі конференцияның 27-сессиясында авиацияны декарбонизациялауды қолдайды

Салынған уақыты 28.11.2022 08:27

БҰҰ-дың Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясының   27-сессиясы 2022 жылғы 6-20 қараша аралығында Египеттің Шарм-эль-Шейх қаласында болып өтті, оның негізгі мақсаты Париж келісімінің ережелерін жан-жақты жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

«Әділ ауысу» тақырыбы бойынша КС27 шеңберінде мемлекет басшыларының, премьер-министрлердің және халықаралық ұйымдар басшыларының "дөңгелек үстел" отырысына қатыса отырып, ИКАО Кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитано мырза ИКАО Ассамблеясының 2050 жылға қарай әуе көлігі секторында эмиссияның таза нөлдік деңгейіне қол жеткізу туралы шешімін іске асыруға шақырды.

ИКАО халықаралық авиация секторының және бүкіл ғаламшардың тұрақты болашағы үшін өзінің жаһандық жауапкершілігін толық біледі. 2022 жылдың маусым айында ИКАО тұрақты өндірілетін авиациялық отын түрлері (ACT-SAF) саласында көмек көрсету, әлеуетті арттыру және даярлау жөніндегі өз бағдарламасын іске қосты.

Таяу арада ИКАО-ға мүше мемлекеттер мен сала орнықты дамудың қосымша мақсаттарымен, атап айтқанда жоғарыда аталған орнықты өндірілетін авиациялық отынды кеңінен пайдалану және халықаралық авиация үшін (CORSIA) көміртегі шығарындыларын өтеу және азайту жүйесін үздіксіз іске асыру арқылы жұмысты жалғастыратын болады.

1704