ruenkz

"AnadoluJet" Алматы мен Анкара арасындағы рейстерді іске қосты

Салынған уақыты 22.11.2022 08:33

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша үстіміздегі жылы шілдеде Қазақстан мен Түркияның авиациялық билігі Қазақстан мен Түркия арасында рейстер мен маршруттар санын ұлғайту жөнінде келіссөздер жүргізді.

Осы тапсырманың, сондай – ақ Қазақстандағы "ашық аспан" режимі шеңберінде ұшу географиясын одан әрі кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыстардың нәтижесінде 2022 жылғы 20 қарашада "Turkish Airlines" түрік авиакомпаниясының еншілес кәсіпорны болып табылатын "AnadoluJet" түрік бюджеттік тасымалдаушысының Алматы-Анкара жаңа бағытын ашу салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шара Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың, "AnadoluJet" компаниясы бас директорының орынбасары Маджит Боярдың және "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ президенті Альп Эр Тунг Ерсойдың қатысуымен өтті.

Рейстерді "AnadoluJet" тасымалдаушысы аптасына 2 рейс жиілігімен В-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде орындайтын болады.

Бұл рейстің ашылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауданы, туризмді, бизнесті дамытуға оң әсерін тигізеді.

152