ruenkz

Халықаралық ынтымақтастық – ИКАО құжаттарын әзірлеуде табысқа жетудің кілті

Салынған уақыты 15.11.2022 15:00

2022 жылғы 8-10 қараша аралығында ICAO - WHMEG (Wildlife Hazard Management Expert Group) сараптамалық тобының ИКАО-ның құстармен соқтығысу туралы ақпарат жүйесі (IBIS) жөніндегі нұсқаулығын (ICAO DOC 9332-AN/909) қайта қарау жөніндегі отырысы өтті. Бұл құжат соңғы рет 1989 жылы қайта қаралып, айтарлықтай ескірген. Халықаралық Азаматтық авиация туралы конвенцияға 14-қосымшаның талаптарына сәйкес ИКАО-ға мүше барлық елдер әуе кемелерінің мемлекет аумағында болған құстармен соқтығысу жағдайлары туралы Халықаралық Азаматтық авиация ұйымына хабарлауға тиіс, ол өз кезегінде құстардың азаматтық авиацияға төнетін қатерлер проблемасы бойынша есептерді қалыптастырады. 2023 жылдың соңына дейін ИКАО Док 9332-AN/909 құжатын қайта қарау жұмысын аяқтау жоспарлануда. Жаңа басылымға азаматтық авиация ұйымдарынан мемлекеттердің әуе кемелерінің құстармен соқтығысуы туралы ақпарат жинауды ұйымдастыру, деректер форматына қойылатын талаптар, осы деректердің сапасын бақылау, мемлекеттердің жыл сайынғы талдауын жүргізу, ИКАО-ға деректерді беру тәртібі және ИКАО талдауларын дайындау жөніндегі бөлімдер енгізілетін болады. Сонымен қатар, жаңа басылымда қазіргі заманғы әдістерді, соның ішінде ДНҚ талдауды қолдану арқылы құстардың түрлерін анықтау мәселелері қамтылады. 

1797