ruenkz

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қ.Қ. Тоқаевтың сенімді тұлғаларының «Қазаэронавигация» РМК ұжымымен кездесуі

Салынған уақыты 15.11.2022 11:56

Ағымдағы жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қ.Қ. Тоқаевтың сенімді тұлғалары «Қазаэронавигация» РМК ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында спикерлер кандидат ұсынған «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталды. «Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы анық, түсінікті әрі шынайы. Бұл таңдау елдің алдағы жеті жылдағы даму векторын анықтайды. Кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің азаматтық белсенділік танытып, сайлау учаскелеріне келуі маңызды. Елді одан әрі дамыту және азаматтарымыздың әл-ауқаты үшін қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтаудың мәні зор. Біз алдағы сайлауда да бірлігіміз бен азаматтық белсенділігімізді көрсетуіміз керек», - деп атап өтті спикерлер.

Кездесу барысында авиация саласын және көлік жүйесін, атап айтқанда, авиациялық қауіпсіздікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

343