ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК футболдан әлем чемпионы атанды

Салынған уақыты 12.11.2022 19:08

Испанияның Тенерифе аралында 2022 жылғы 07-11 қараша аралығында 16 мемлекет қатысқан әуе диспетчерлері арасында футболдан әлем чемпионаты өтті. Қазақстан атынан «Қазақстан» және «Астана» аэронавигациялық қызметтері қызметкерлерінің екі командасы қатысты.

Турнир барысында біздің командалар Венгрия, Америка Құрама Штаттары, Кипр, Испания, Италия әуе диспетчерлерінің құрама командаларымен футбол матчтарын өткізді, онда ең ауыр күрес барысында біздің командалар жеңіске жетіп, финалға шықты.

Нәтижесінде Қазаэронавигация РМК-ның «Қазақстан» командасы әлем чемпионы атағын жеңіп алды, ал Қазаэронавигация РМК-ның «Астана» командасы - екінші орынды, Испанияның «Интернешнл» құрама командасы үшінші орынды иеленді.

 

397