"Turkish Airlines" Қазақстан мен Түркия астаналары арасында рейстерді іске қоспақ
Салынған уақыты 10.11.2022 09:07
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті рейстер санын одан әрі ұлғайту және Қазақстанға/одан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы мәселелері бойынша Түркияның авиациялық билік орындарымен келіссөздер жүргізіп, оның қорытындысы бойынша маршруттар, тасымалдаушылар, рейстер санын екі есеге көбейту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізген болатын.
Осы жұмыстың нәтижесінде "Turkish Airlines" түрік әуеакомпаниясы ағымдағы жылдың 20 қарашасынан бастап А-320 және Б-737 типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы-Анкара бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 5 желтоқсанынан бастап "Turkish Airlines" әуекомпаниясы Қазақстан мен Түркияның астаналары Астана және Анкара қалалары арасында А-320 және Б-737 типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен жаңа рейсті іске қосуды жоспарлап отыр.
Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
1635