Airbus A320 ұшақтарының өндірісін арттыруды көздеп отыр
Салынған уақыты 08.11.2022 16:46
Еуропалық Airbus SE аэроғарыш корпорациясы жеткізу бойынша туындап отыратын қиындықтарға қарамастан, келесі жылы сұранысқа ие тарфюзеляжды ұшақтардың өндірісін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, баспасөз мәслихатында Airbus басшысы Гий Фори компания A320 қатарындағы лайнерлердің өндірісін айына 65 бірлікке дейін жеткізуге ниетті екенін растады.
Бұған дейін Airbus 2028 жылға дейін A320 ұшақтарына жаңа тапсырыстар қабылдауға мүмкіндігі жоқ екенін айтқан болатын. Сонымен қатар, компания қозғалтқыштарды жеткізумен байланысты логистикалық жағдайдың жақсарғанын атап өтті. Airbus өнім берушілері - General Electric Co. және Pratt & Whitney (Raytheon Technologies Corp компаниясына тиесілі) өз міндеттемелерін орындай бастады.
Дегенмен, Airbus осы жылға арналған өндірісін болжам бойынша 700 ұшақ деңгейінде ұстап отыруды көздейді. Қыркүйек айының соңына дейін авиакомпания 437 лайнер шығарды. Компания үшінші тоқсанда таза кірісті 65% - 667 миллион еуроға дейін, кірісті 27% - 13,31 миллиард еуроға дейін арттырды.
1656