ruenkz

Таяу Шығыстағы әуе нарығы пандемияға дейінгі деңгейден асып түседі

Салынған уақыты 04.11.2022 14:33

Таяу Шығыс авиакомпаниялары нарықты қалпына келтіруге және Сауд Арабиясының жаңа ұлттық тасымалдаушысының пайда болуына дайындалуда. Бұл тақырыптар Араб авиатасымалдаушылар ұйымының (Arab Air Carriers Organization; AACO) мүшелері болып табылатын 34 авиакомпанияның жыл сайынғы Бас Ассамблеясы барысында ең көп талқыланды.

AACO мәліметтері бойынша, 2022 жылы ұйымға кіретін авиакомпаниялардың жолаушылар ағыны 2019 жылғы деңгейдің шамамен 80%  құрайды, ал келесі жылы 2023 жылы бұл базалық деңгейдің 2,5% - ға артуы болжанады. ААСО-ға мүше авиакомпаниялар 2022 жылдың алғашқы төрт айында жолаушылар ағынын 240% - ға арттырды, осылайша өзінің әуе паркінің 82%-ы кестеге сәйкес ұшуды орныдайды.

Сонымен қатар, AACO авиакомпаниялары ұйымның жыл сайынғы есебіне сәйкес бірқатар өзекті мәселелерді талдауы керек. Бұған пандемия қайталанған жағдайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ) және Халықаралық Азаматтық авиация ұйымымен (ИКАО) бірыңғай стандарттар мен нұсқаулықтарды үйлестіру, сондай-ақ пандемия кезінде технологияның жаңа деңгейін игерген және әуе саяхатында ұқсас қызметті күткен жолаушылардың сұраныстарына сәйкес келетін авиакомпанияларды, реттеушілерді және провайдерлерді толық цифрландыру кіреді.

3589