«KADEX-2018» қорғау арналған «CYBER and DIGITAL SECURITY»
Салынған уақыты 01.06.2018 09:44
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «KADEX-2018» көрмесін өткізу аясында ақпараттық- коммуникациялық технологиялар қауіпсіздігі мен аса маңызды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін қорғау мәселелеріне арналған «CYBER and DIGITAL SECURITY» конференциясын өткізді. Конференцияда осы саланы реттеудің ұлттық тәсілдері туралы баяндамалармен көптеген елдердің мемлекеттік реттеушілері, шетелдік сарапшылар, аса маңызды объектілердің меншік иелері, практика жүргізуші мамандар мен әзірлеуші компаниялардың өкілдері қатысты. Конференцияға қатысу үшін ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттандыру жөніндегі басшылар мен мамандар ретінде «Қазаэронавигация» РМК атынан ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы Хасанғали Сапарғалиұлы Гаппаров және пайдаланушыларды қолдау бөлімінің бастығы Ахметбек Талғатұлы Биятов шақырылды.
Конференция ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қауіпсіздігі мен қатарына «Қазаэронавигация» РМК кіретін аса маңызды объектілерді қорғау мәселелеріне арналды. Конференцияға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары және Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Жапония, ҚХР, Малайзия, Иордания, Пәкістан, Беларусия және т.б. елдердің ұлттық реттеушілерінің өкілдері қатысты.
Оқиғаның жоғары кәсіптік деңгейі мамандарға біліктілік деңгейін арттыруға, тәжірибемен алмасуға, халықаралық жетістіктермен танысуға, серіктестік қатынастарды реттеуге, сондай-ақ ақпараттық- коммуникациялық технологиялар қауіпсіздігі мен аса маңызды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін қорғау саласындағы инновациялық әзірлемелермен танысуға зор мүмкіндік алды.
1770