ruenkz

Болашақ диспетчерлер Тулуза қаласындағы (Франция) ENAC Ұлттық азаматтық авиация мектебінің бастапқы даярлау курсын аяқтады

Салынған уақыты 31.05.2018 17:10

2018 жылғы 31 наурызда 8 адамнан тұратын болашақ әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлері Тулуза қаласындағы (Франция) Ұлттық азаматтық авиация мектебінің бастапқы даярлау курсын  сәтті аяқтап шықты.  Студенттер 14 ай бойы Еуропа стандарттарына сәйкес (EU2015/340) әуе қозғалысына қызмет көрсету негіздерін оқыды.

Оқыту қорытындысы бойынша біздің бітірушілер жоғары балдар көрсетіп, ИКАО шкаласымен авиациялық ағылшын тілі  бойынша тесттен сәтті өтті.     

Қазіргі уақытта жас мамандар бейімдеу курсынан кейін әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша тағылымдамадан өтуші диспетчер ретінде «Қазаэронавигация» РМК филиалдарында тағылымдамадан өтуде.

1592