ruenkz

Қызылорда филиалында жаңа заманауи метеорологиялық жабдық орнатылды

Салынған уақыты 07.11.2022 16:16

Кәсіпорынның инвестициялық жоспарына сәйкес, Қызылорда филиалының метеорологиялық қызметінде КРАМС-4 кешенді радиотехникалық әуеайлақтық метеорологиялық станциясының құрамында метеорологиялық датчиктердің резервтік жиынтығын орнату жобасы аяқталды.

Жаңа жабдық жиынтығына датчиктер кірді:

  • Көріну өлшегіштері (FS-11 нефелометрлері)
  • Желдің жылдамдығы (WAA151) және бағыты (WAV151) датчиктерін, сондай-ақ ауа температурасы мен ылғалдылығын өлшегішті (HMP155) қамтитын AWS 310 автоматты метеорологиялық станциялары.
  • Cl-31 лазерлік бұлт өлшегіштері.

Электрмен жабдықтау сапасын арттыру және жабдықтың үздіксіз электрмен жабдықталуын қамтамасыз ету үшін жаңа позициялар дизель-генератор қондырғыларымен жабдықталған.

Бұл іс-шаралар филиалдың метеорологиялық қызметінің жұмыс сапасын едәуір арттырды, әуе қозғалысының қауіпсіздігіне жағымды әсер етті, авиациялық қызметті реттейтін ұйымдардың барлық қажетті ұсынымдары ескерілді.

  

383