ruenkz

Тәуекелдер мен қауіптер жоқ ұшу-қону жолағы

Салынған уақыты 01.11.2022 08:51

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ұшу-қону жолағындағы операциялардың қауіпсіздігін арттыру мәселелері бойынша жыл сайынғы кездесу өткізді. Іс-шараға Қазақстан әуежайларының, "Қазаэронавигация" РМК, авиатасымалдаушыларының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері қатысты.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду атап өткендей, ұшу-қону жолағындағы (ҰҚЖ) операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету авиациялық индустрияның барлық қатысушыларының белсенді ынтымақтастығы мен үлесі кезінде ғана мүмкін болады.

ҰҚЖ операцияларының қауіпсіздігі Халықаралық азаматтық авиация ұйымының – ИКАО-ның жаһандық бастамасы болып табылады, ол қатысушы елдердің алдына ең алдымен ҰҚЖ-дан әуе кемелерін шығару және ҰҚЖ-ны рұқсатсыз басып алу тәуекелдерін азайтуға бағытталған ұлттық бағдарламаларды әзірлеу міндетін қояды. Бұл тәуекелдерді ИКАО ұшу қауіпсіздігі үшін елеулі салдары бар тәуекелдер ретінде жіктейді.

Кездесу барысында ҰҚЖ пайдалану кезінде туындайтын ықтимал қауіптер қаралды, ұшу қауіпсіздігі үшін олармен байланысты тәуекелдерді азайту жөніндегі іс-шаралар әзірленді, ҰҚЖ операцияларының қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық бағдарлама жобасының тұжырымдамасы қаралды, алдыңғы хаттамалық шешімдердің орындалуы бойынша саланың есептері тыңдалды, жаңа қыс маусымында ҰҚЖ бетінің жай-күйі туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматын қолдануға саланың дайындығы айқындалды.

Мұндай кездесулер тиімді платформа болып табылады, онда әртүрлі салалардың өкілдері өздерін толғандыратын мәселелерді жеке өзі талқылай алады, ұсыныстар енгізе алады, ұшуды жердегі қамтамасыз ету, әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұшу өндірісінің қиылысында тұрған проблемаларды шешуде өз көзқарасын ұсына алады.

434