Ақмола іздестіру және құтқару ауданында Үйлестіру жаттығулары (Көкшетау шағын ауданы) болып өтті
Салынған уақыты 22.10.2022 14:51
Азаматтық авиация комитеті бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге тартылған күштермен және құралдармен үйлестіру және байланыстыру оқу-жаттығуларын өткізу жоспарына сәйкес 2022 жылғы 17 қазанда Ақмола іздестіру және құтқару ауданының Көкшетау шағын ауданында Үйлестіру оқу-жаттығулары өткізілді.
«Қазаэронавигация» РМК Көкшетау филиалының іздестіру және құтқаруды үйлестіру орталығының және әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің мамандары Ақмола облысы ТЖ департаментінің, «Көкшетау» әуежайының ҰІАҚҚҚ өкілдерімен және «Қазавиақұтқару» АҚ экипаждарымен және қызметкерлерімен бірлесіп, Көкшетау қаласының әуеайлағында авиацияны іздестіру-құтқару бойынша Ми-8 тікұшағында апатқа ұшыраған әуе кемесін іздеу, эвакуациялау және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша кезекшілікті жүзеге асыратын оқу іс-шаралары өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында жоғарыда аталған қызметтер іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу кезінде өзара іс-қимыл әдістемесін, апатқа ұшыраған ӘК-ні іздеу әдістерін, іздестіру-құтқару әуе кемесін отырғызу үшін алаңдарды іріктеуді және оқиға орнынан зардап шеккендерді эвакуациялауды пысықтады. Оқу-жаттығуды өткізу үшін бортында құтқарушылар мен медицина қызметкерлері бар «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8 кезекші тікұшағы жұмылдырылды.
Жалпы, мұндай оқу-жаттығулар Халықаралық Азаматтық авиация туралы конвенцияға «Іздестіру және құтқару» 12-қосымшасының негізінде құрылған ұшуларды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің элементі болып табылатыны атап өтілді.
1809