ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК тыңдаушыларының тобы Global ATS авиациялық оқу орталығында «Әуе қозғалысын басқару» бағдарламасы бойынша бастапқы оқыту курсын бастады

Салынған уақыты 31.05.2018 16:08

2018 жылғы 14 мамырда «Қазаэронавигация» РМК сегіз адамнан тұратын тыңдаушылар тобын кәсіпорын қаражаты есебінен бір жыл мерзімге GLOBAL ATS авиациялық оқу орталығына (Челтнем қаласы, Ұлыбритания) «Әуе қозғалысын басқару» бағдарламасы бойынша бастапқы оқыту курсына жіберді.

Сегіз үміткер іріктеудің барлық сатысынан, оның ішінде ағылшын тілі бойынша тестілеуден, медициналық куәландырудан, психикалық-физиологиялық тексеруден сәтті өтті. Бұл топ ӘҚҚ диспетчері мамандығы бойынша әлемнің ең үздік авиациялық оқу орталықтарының бірінде білім алып, барлық қорытынды тесттерден өткеннен кейін келесі жылдан бастап-ақ «Қазаэронавигация» РМК-да жұмыс істейтін болады. Кәсіпорын Қазақстанның аэронавигациялық қызметіне жоғары білікті мамандарды тарту үшін әлемдік озық тәжірибені қолданып, жас мамандарды өз есебінен бірінші рет оқытып отырған жоқ. 

639