ruenkz

Халықаралық авиадиспетчерлер күні!

Салынған уақыты 20.10.2022 08:53

20 қазанда Қазақстанның және бүкіл әлемнің авиадиспетчерлері өзінің кәсіби мерекесі – халықаралық авиадиспетчерлер күнін атап өтуде.

Сіздердің еңбектеріңіз ортақ іске қосқан баға жетпес үлес болып табылады. Сіздердің шеберліктеріңіздің, үйлесімді іс-қимылдарыңыздың арқасында ұшу қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, әуе кеңістігін пайдаланушыларға сапалы аэронавигациялық қызмет көрсетіледі.

Бүгін біз барлық авиадиспетчерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тілейміз!

386