ruenkz

ИКАО сарапшыларына Қазақстанның аэронавигациялық қызмет көрсету саласындағы стандарттар мен тәжірибені енгізу жөніндегі есебі ұсынылды

Салынған уақыты 19.10.2022 17:43

Ереванда аэронавигациялық қызмет көрсету саласындағы стандарттар мен ұсынылатын тәжірибені (Air Navigation Services Implementation Support Group (ANSISG/05) іске асыруға (енгізуге) жәрдемдесу бойынша ИКАО сараптамалық тобының 5-ші жыл сайынғы кеңесі өтті.

Іс-шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан өкілдері, сондай-ақ аэронавигация қауіпсіздігі жөніндегі еуропалық ұйымның (ЕУРОБАҚЫЛАУ), Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО), Мемлекетаралық авиация комитетінің (МАК), «Ұшу қауіпсіздігі» Халықаралық консультативтік-талдамалық агенттігінің өкілдері қатысты.

Кеңесте Қазақстан Республикасы атынан Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметкерлері, сондай-ақ осы жұмыс тобының төрағасы, «Қазаэронавигация» РМК әуе қозғалысын ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Қайрат Тіленшин қатысты.  

Кеңес барысында ИКАО авиациялық жүйесін жаңарту блоктарын (Air Navigation System Block Upgrade (ASBU) енгізу бойынша мемлекеттердің есептері, аэронавигация, ұшуды іздестіру-құтқару қамтамасыз ету саласындағы ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша халықаралық ұйымдардың презентациялары айтылды. 

Қазақстандық делегация өкілдері Қазақстан Республикасының есебін таныстырды, сонымен қатар кеңеске қатысушылардың сұрақтарына толық ақпарат беріліп,«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ қызметі туралы баяндама жасалды.

Қатысушылар Қазақстанның әуе кеңістігі құрылымының өзгеруімен 2022 жылы әуе қозғалысының өскен трафигіне қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ 2021 жылғы 4 қарашадан бастап Қазақстанда ИКАО және GRF енгізудің Ұлттық жоспарында белгіленген күнге сәйкес қолданыла бастаған ұшу-қону жолағы бетінің жай-күйі туралы есептіліктің (GRF) жаһандық форматын енгізу бойынша Қазақстанның жетістіктерін атап өтті.

  

2002