ruenkz

Astana Marathon 2022 халықаралық марафоны

Салынған уақыты 11.10.2022 15:27

Өткен жексенбіде 2022 жылғы 09 қазанда Астана қаласында Astana Marathon 2022 жыл сайынғы қайырымдылық халықаралық марафоны өтті, онда 42 және 10 шақырымға жүгіру қарастырылған.

Суық жаңбырлы ауа-райына қарамастан, жексенбі күні таңертең бұл іс-шараға Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан, сондай-ақ шет елдерден: Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланды, Испания, Оңтүстік Корея, Ресей, Өзбекстан, Моңғолиядан 3000-ға жуық адам қатысты.

10 шақырым қашықтыққа жүгіргендердің қатарында «Қазаэронавигация» РМК қызметкерлері де болды. Осылайша, кәсіпорынның бас бухгалтері Г.Е. Нұрмұханбет, қызметкерлермен жұмыс істеу бөлімінің бастығы Х.А. Сераев, жиынтық бухгалтерлік есеп бөлімінің қызметкерлері А.С. Жүсіпова және А.А. Шамшиева 10 шақырым қашықтыққа жүгірді.

Біздің әріптестеріміз финишердің естелік медалін алып, сәтті аяқтады, ал Astana Marathon 2022 қатысушыларының тіркеу жарналарынан түскен қаражат қайырымдылық қорына жіберілді.

421