Cargolux Қазақстанға ұшуды қайта бастауды жоспарлап отыр
Салынған уақыты 10.10.2022 12:53
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Ресейдегі (Беларусь және Қазақстандағы қоса атқарушы) Люксембург Елшісі Джордж Фабермен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Люксембург арасындағы әуе қатынасы мәселелерін талқылады.
Джордж Фабердің мәліметінше, люксембургтік Cargolux әуе компаниясы Қазақстан әуежайларына тұрақты жүк рейстерін, оның ішінде техникалық аялдамамен қайта ұшуға қызығушылық білдірген. Cargolux бастапқы кезеңде Еуропа мен Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы ұшуларды орындау кезінде жүргізілетін аптасына 30-40 техникалық қонуды көрші елдерден Қазақстан әуежайларына көшіруді жоспарлап отыр.
Тараптар Қазақстан мен Люксембург авиациялық билігі құрған екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар/жүк рейстерін орындау үшін құқықтық базаны ризашылықпен атап өтті.
Қазақстан әуе билігі Cargolux компаниясының Қазақстанға ұшуын қайта бастауға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.
1758