ruenkz

Соңғы Boeing 747 конвейерден 2022 жылдың желтоқсанында шығады

Салынған уақыты 05.10.2022 16:59

Boeing 747 – тарихтағы ең көп тараған реактивті ұшақ. Алғашқы Boeing 1969 жылы аспанға көтеріліп, әлемдегі ең ірі коммерциялық лайнерге айналды. 747-ге тән "өркешті" силуэтті бүгінде бүкіл әлемдегі әуежайлардан көруге болады, бірақ барған сайын алыстағы автотұрақтардан ғана байқайтын болып жүрміз.

Atlas Аir жаһандық жүк тасымалдаушысы желтоқсанға дейін зауыттан шыққан соңғы Boeing 747 сатып алатыны белгілі болды. Boeing 300-дей 747-8 ұшағын сатпақшы болды, бірақ тек 150-ге жуығы ғана сатылды. Айта кету керек, ХХІ ғасырда көптеген жолаушы авиакомпаниялары алып Airbus реактивті ұшақтарын таңдады.

Алайда жүк тасымалдаушылар 747-8 таңдайды, өйткені олардың ең аз қызмет ету мерзімі 20 жыл, яғни ұшақ ондаған жылдар бойы жұмыс істейді. Бүгінгі күні олармен аз ғана авиакомпаниялар ұшады. Олардың бар-жоғы төртеу:  Asiana, Air China, Lufthansa және Korean Air.

1753