ruenkz

Атырау филиалының келісу комиссиясы мүшелерін оқыту

Салынған уақыты 05.10.2022 10:18

2022 жылдың 26 қыркүйегі күні Атырау филиалында келісу комиссиясы мүшелерін жыл сайынғы міндетті оқыту бойынша семинар болып өтті.

«Қазаэронавгиация» РМК әкімшілік және кадрлық жұмыстар департаментінің персоналмен жұмыс жасау және әлеуметтік мәселелер бойынша бөлім бастығы Хамет Альбертұлы Сераев Атырау филиалының келісу комиссиясы мүшелеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келіссіөздер жүргізу және еңбек дауларында пәтуаға қол жеткізу дағдыларын дамыту бойынша оқытуды жүргізді. Оқыту талқылау және басқа филиалдардағы келісу комиссияларының жұмыс тәжірибесін есепке ала отырып, қол жетімді түрде өткізілді.

Оқыту және өткізілген тестілеу қорытындысы бойынша семинар қатысушыларына тиісті сертификаттар табысталды.

439