Turkish Airlines әлемдегі ең ірі авиакомпанияға айналды
Салынған уақыты 03.10.2022 17:40
Turkish Airlines авиация саласының жаһандық құлдырауына қарамастан шілде және тамыз айларында жаңа рекордтар орнатты. Осы уақыт ішінде Түркияның ұлттық тасымалдаушысы жалпы кресло санын 14 пайызға арттырды.
Коронавирус пандемиясы кезінде Turkish Airlines маршруттық сетканы мүмкіндігінше сақтап қалғандардың бірі болды. Сонымен қатар, компания тарихта болған ең күрделі құлдырау кезінде қуаттылығын керісінше арттырып отырды. Деректер көрсеткендей, жаһандық тасымалдаушы 2022 жылдың тамызында 7,8 миллионнан астам жолаушыны тасымалдап, пандемия алдындағы айлық рекордын жаңартты.
Осылайша, халықаралық рейстердегі орындар саны бойынша «Түрік әуе желілері» бүгінде әлемдегі ең ірі авиакомпания болып табылады. Оның штатында 65 мың қызметкер жұмыс істейді.
1626