«Қазаэронавигация» РМК біріктірілген менеджмент жүйесінің (БМЖ) сертификаттау аудитінен сәтті түрде өтті
Салынған уақыты 29.05.2018 16:55
2018 жылғы 16-18 сәуір аралығында «Қазаэронавигация» РМК-да біріктірілген менеджмент жүйесінің (БМЖ) сертифкаттау аудиті жүргізілді.
ISO 9001:2015 (ҚР СТ ИСО 9001-2016), OHSAS 18001:2007 (ҚР СТ OHSAS 18001-2008), ISO 50001:2011 (ҚР СТ ИСО 50001-2012) халықаралық және ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкестікке БМЖ аудитін сертификаттау жөніндегі сыртқы орган «Қазақстанның сапа ортылығы» ЖШС жүргізді.
Жүргізілген аудит қорытындылары бойынша Сертификаттау органы Кәсіпорынның біріктірілген менеджмент жүйесін халықаралық сапа жөніндегі стандарттарға сай деп танып, сәйкестік сертификаттарын беру туралы шешім қабылдады.
1871