ruenkz

American Airlines аса жылдамдықты ұшақтарға тапсырыс берді

Салынған уақыты 23.09.2022 10:50

Америкалық авиакомпания дыбыстан жоғары ұшақтармен жүрдек жолаушылардың ұшуына жол ашты. Авиакомпания қазір дамып әзірленіп жатқан 20 дыбыстан жоғары жолаушылар ұшағына қайтарылмайтын депозит енгізді. Жаңа жоғары жылдамдықты ұшақтар ең жылдам коммерциялық ұшақтарға қарағанда жылдамдықты екі есе арттыратын болады деп күтілуде.

Әзірлеуші компания өз кезегінде Overture деп аталатын реактивті ұшақ 65-тен 80 жолаушыға дейін тасымалдай алады деп уәде беріп отыр. Бұл ретте көміртектің шығарылу деңгейі нөлге дейін төмендейді, өйткені жаңа машиналар жүз пайыз экологиялық отынмен жұмыс істейтін болады. 6 840 шақырым қашықтыққа, мысалы, Сан-Францискодан Токиоға дейін жаңа ұшақтар жолаушыларды алты сағат ішінде жеткізе алады.

Жаңа машиналар конвейерден 2025 жылы шығады. Бұл – өткен жылы 15 ұшаққа тапсырыс берген United Airlines пен 2016 жылы мәміле жасаған Virgin Atlantic компанияларынан кейін ұшақтарға тапсырыс берген үшінші авиакомпания.

1755