«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ мен «Қазаэронавигация» РМК өкілдері Парижде ИКАО Еуропалық/Солтүстік Атлантикалық бюросының ҰІҚҚ жөніндегі арнайы нысаналы тобының жиналысына қатысты
Салынған уақыты 23.09.2022 09:23
ИКАО халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға және басқа да бірқатар қосымшаларға 12 Қосымшаның "Іздестіру және құтқару" стандарттарына сәйкес ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жүйесін (SAR) жетілдірудің, әсіресе 2009 жылы Air France (AF447)
авиакомпаниясының 447 рейсінің және 2014 жылы Malaysia Airlines 370 рейсінің апаттары сияқты авиациялық оқиғаларды тексеру нәтижелері бойынша ерекше маңыздылығын атап өтеді.
Нәтижесінде ИКАО іздестіру-құтқару операцияларының тиімділігін арттыруға, соның ішінде осы саладағы мемлекеттік қадағалауды жетілдіруге, әуе кемелерін ұшу барысын бақылау жүйелерімен және авариялық радиомаяктармен жабдықтауға, SAR саласындағы мемлекетаралық және аймақтық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған бірқатар стандарттар мен қосалқы құжаттаманы әзірледі.
ИКАО Еропалық/Солтүстік Атлантикалық бюросының ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жөніндегі арнайы нысаналы тобының (ҰІҚҚ) мәжілісіне Еуропалық өңір елдерінің және ИКАО, EUROCONTROL, COSPAS-SARSAT халықаралық ұйымдарының өкілдері қатысты.
Сарапшылар ИКАО-ның осы саладағы жаңа бастамаларының түрлі аспектілерін талқылады, өңірлік ынтымақтастықтың және бірнеше елдің мысалында SAR жаттығуларының табысты тәжірибесін көрсетті.
2008