ruenkz

Израильдің бас әуежайы 2023 жылы цифрлық қызмет көрсетуге көшпек

Салынған уақыты 16.09.2022 15:40

Израиль әуежайлар басқармасының (IAA) ресми өкілдері Тель-Авивтен шамамен 14,5 шақырым жерде орналасқан Лод қаласындағы Бен Гурион әуежайы 2023 жылы цифрлық форматқа ауысады деп мәлімдеді.

Бүкіл әлемде әуежайларға түсетін жүктеме көбейгендіктен, саяхатшылардың сұранысы қанағаттандырылмай, қызметкерлер жетіспей жатыр, сол себепті IAA цифрлық технологияға көшкен жағдайда, тіркеу мен тексеру кезінде ұзыннан ұзақ кезектер азаяды деп шешті. Қазіргі уақытта Бен Гурион – Таяу Шығыстағы ең көп жолаушыларға қызмет көрсететін әуежайлардың бірі. IAA мәліметі бойынша, 2022 жылы әуежай арқылы 18 миллион жолаушы өтсе, келесі жылы олардың саны 24 миллионға жетеді.

Жоспарланған цифрландыру процесінің арқасында жолаушылар жаңа дүңгіршектерде чемодандарының салмағын өлшей алады, қажет болған жағдайда, авиакомпаниялардың әртүрлі рәсімдерінің талаптарына сәйкес артық салмақ ақысын төлей алады, сонымен қатар жүк белгілері мен жапсырмаларды басып шығара алады. Чемоданға арналған жапсырма конвейер таспаларының жанында сканерленіп, сол жерден багаж ұшақтың жүк бөліміне жеткізіледі.

1707