ruenkz

Әуе тасымалы COVID пандемиясына дейін болған деңгейге жақындады

Салынған уақыты 15.09.2022 15:53

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (ИАТА) 2022 жылдың шілдесіндегі жүк авиатасымалдарының жаһандық нарықтары туралы мәліметтерді жариялады. Ол бойынша шілдеде сұраныс пандемияға дейінгі деңгейде (-3,5%) болса да, 2021 жылдың шілдесіндегі деңгейден төмен (-9,7%).

Егер басқаша көрсетілмесе, біз 2019 жылмен салыстырудың орнына трафикті өткен жылмен салыстыруға оралдық.

Тонна-километрмен (ГТК*) өлшенетін жүк тасмыалына деген әлемдік сұраныс 2021 жылғы шілдемен салыстырғанда 9,7%-ға (халықаралық тасымалдар – 10,2%) төмендеді. 2019 жылдың шілдесімен салыстырғанда, 3,5% құрап отыр.

Өткізу қабілеті 2021 жылғы шілдеге қарағанда 3,6%-ға жоғары болды (халықаралық тасымалдар +6,8%), бірақ 2019 жылғы шілдедегі деңгейден 7,8%-ға төмен.

Операциялық ортаның бірнеше факторларын атап өткен жөн:

* Жаңа экспорттық тапсырыстар, жүк тасымалдарына сұраныстың озыңқы индикаторы маусым айында барлық нарықтарда қысқарды, тек Қытайда ғана күрт өсті.

* Тауарлардың әлемдік саудасы екінші тоқсанда қалпына келуді жалғастырды, ал Қытайдағы COVID-19 шектеулерінің қосымша жеңілдетілуі алдағы айларда одан әрі қалпына келтіруге ықпал етеді. Теңіз тасымалы негізгі бенефициар болатын болса, әуе тасымалы да қарқын алатын болады.

«Әуе тасымалы шамамен 2019 жылдың деңгейінде тұр, дегенмен олар 2020-2021 жылдардағы төтенше көрсеткіштермен салыстырғанда кері қадам жасады. Жеткізу тізбегіндегі шектеулерден және экономикалық жағдайлардың өзгеруінен туындаған құбылмалылық жүк тасымалы нарықтарының сәуірден бастап «басқа жаққа қарай жылжуына» әкелді. Шілде айындағы деректер бізге жүк тасымалы өз орнында қалатындығын көрсетеді, бірақ алдағы айларда біз, барлық салалар сияқты, экономикалық және саяси оқиғаларды мұқият бақылауымыз керек», — деді ИАТА бас директоры Уилли Уолш.

1792