«Қазаэронавигация» РМК «Оңтүстік-Шығыс ӘҚҰ ӨО» филиалының «Үшарал» алыс жердегі орнында жаңа метеорологиялық жабдық орнатылды
Салынған уақыты 13.09.2022 10:16
«Қазаэронавигация» РМК «Оңтүстік-Шығыс ӘҚҰ ӨО» филиалының «Үшарал» алыс жердегі орнында Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптары мен ИКАО стандарттарына сәйкес келетін жаңа метеорологиялық жабдық орнатылды. Орнатылған жабдық «В» сыныпты әуеайлақтарға қойылатын техникалық сипаттамаларға жауап береді, бұл әуе кемелерінің қызмет көрсетілетін борттарының санын ұлғайтуға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Филиалдың метеорологиялық қызметіндегі метеорологиялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету кешенінің мамандары ағымдағы ауа райы және PWD22M көрінім датчиктерінің жиынтығымен Мкп093о және Мкп273о қону курсы бар MAWS201M метеорологиялық автоматты станциясын, WMS-302М жел параметрлері датчиктерін, CL31 бұлттардың төменгі шекарасының биіктік өлшегіштерін орнату жұмыстарын жүргізді.
Жабдықты орнату алдында мердігерлік ұйым кәбіл трассалары мен құдықтарды қазу, байланыс және жабдықты электрмен қоректендіру кәбілдерін төсеу және жерге тұйықтау контурларын жүргізу, сондай-ақ жабдықтың астына бетон іргетасын орнату жұмыстарын жүргізді.
Жабдықты МЖТҚК жетекші инженері Вадим Сергеевич Позняков, МЖТҚК І санатты инженері Степан Сергеевич Позняков, «Талдықорған» алыс жердегі орнының инженері Ербол Айтбайұлы Қожағұлов, «Талдықорған» алыс жердегі орнының технигі Ержан Тлеулесович Рысбаев, «Үшарал» алыс жердегі орнының технигі Данияр Саятұлы Саятов орнатты.
Осылайша, Үшарал әуеайлағы метеорологиялық қамтамасыз ету бөлігі бойынша әуеайлақты сертификаттауға дайын, орнатылған жабдық нормативтік-құқықтық актілердің барлық талаптарына жауап береді.
2172