ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК қызметкерлері қайырымдылық марафонына қатысты

Салынған уақыты 29.05.2018 11:55

2018 жылғы 27 мамырда қатысушылардың рекордтық саны – әлемнің 20 елінен 7200 адамды жинаған III қайырымдылық  BI Marathonы өтті.

 «Қазаэронавигация» РМК қызметкерлері де бұл іс-шарадан қалыс қалған жоқ. Таңғы салқын желге қарамастан қайырымдылық марафонына кәсіпорынның 7 жұмыскері: «Орталық Қазақстан әуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығы» филиалынан әуеайлақтық диспетчерлік орталықтың аға диспетчері – Г.Томилин, аудандық диспетчерлік орталықтың диспетчері –  Т.Мұратов, әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің тағылымдамадан өтуші диспетчері – А. Омаров қатысса, Орталық аппараттан радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану жөніндегі департаменттің әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйелері бөлімінің инженері – В. Селиверстова,  заң басқармасы шарттар бөлімінің бастығы –  Д. Жүсіпов,  мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу бөлімінің 2-санатты маманы – А. Исабеков, әкімшілік және кадрлық жұмыс департаменті қызметкерлермен жұмыс істеу және әлеуметтік мәселелер бөлімінің бастығы – Х. Сераев қатысты. 

Әрбір қатысушының старттық жарнасы (4500 теңге) мүгедек балаларға медициналық көмек көрсету және оларды емдеу үшін  «BI-Жұлдызай» қайырымдылық қорына түсті.

-... "Қорымыздағы барлық бүлдіршіндерінің атынан, BI марафонына қатысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз! Сіздің жеке жетістігіңіз, ерекше балаларға еш қиындыққа мойымауды үйретті. Бұл BI-Жұлдызай Қайырымдылық қорының ұраны! "

1634