ruenkz

Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер саны артады

Салынған уақыты 07.09.2022 13:19

ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың Қатар Мемлекетінің авиациялық билік президенті Мохамед Фалех Әл-Хаджри мырза және Катар Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абдулазиз Сұлтан Әл-Румейхи мырзамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтса, рейстер санын одан әрі арттыру және Қазақстан мен Катар арасындағы ұшулар географиясын кеңейту, авиациялық мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру, Қатарлық компаниялардың инвестицияларын Қазақстанға тарту мәселелері талқыланды.

Мәселен, бүгінгі таңда «Qatar Airways» авиакомпаниясы Доха-Алматы бағыты бойынша жиілігі аптасына 4 рет тұрақты жолаушылар рейстерін орындайды. Катар тарапының ақпараты бойынша «Qatar Airways» әуе компаниясы 2023 жылғы көктем-жаз мерзімінен бастап Нұр-Сұлтан мен Доха арасында рейстер ашуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ тараптар Қазақстан Республикасы азаматтық авиация өкілдерін оқыту және біліктілігін арттыру туралы келісті. Сонымен қатар, тараптар ағымдағы жылғы 27 қыркүйек пен 7 қазан аралығында өтетін Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Ассамблеясының 41-ші сессиясы мәселелерін талқылады.

1854