«Қазаэронавигация» РМК аппарат басшысының Нидерланд Корольдігіне жұмыс сапары
Салынған уақыты 29.05.2018 08:56
«Қазаэронавигация» РМК аппарат басшысы Қ.Ғ. Кәкен сарапшылар деңгейінде пилоттарды оқыту жөніндегі орталықтарды құру саласындағы мәселелерді талықлау үшін 2018 жылғы 14 мамырда Нидерланд Корольдігіне жұмыс сапарымен барды және Схипхол қаласында FSC Aviation Training өкілдерімен кездесті. FSC компаниясы өкілдерімен кездесу барасында авиациялық орталықпен және FSC Aviation Training жабдықтарымен, сондай-ақ пилоттарды даярлау процесімен, оқытуды ұйымдастырумен және компанияның түрлі қызметтерімен танысу жөніндегі іс-шаралар жүргізілді.
FSC авиациялық орталығы Еуропадағы ең ірі тәуелсіз оқу орталығы болып табылады. FSC 17 ұшуға жаттығу құралының ең көп тараған түрінің операторы болып табылады, сондай-ақ оның Еуропа бойынша (Нидерланд, Германия және Испания) үш оқу орталығы бар. Әлем бойынша 160 авиакомпания орталықтың клинеттері болып табылады.
Орталық жылына 365 күн 24 сағат бойы Нидерландтың Схипхол әуежайының округінде жаңа жабдықталған жайда операторлық жасайды.
Жұмыс сапарының бағдарламасы мазмұнды болды, даму жөніндегі директор Рене Веерманның жетекшілігімен FSC сарапшылары компанияның түрлі қызметтері және орталықтың ұшуға жаттығу құралдарымен танысу бойынша ақпаратқа толы тұсаукесер өткізді.
2065