ruenkz

Филиалдардың директорларымен 2017 жылғы және 2018 жылдың 1 тоқсанындағы қызметтің қорытындыларын қарау жөніндегі кеңес

Салынған уақыты 28.05.2018 16:04

         Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде «Қазаэронавигация» РМК-да  2017 жылғы және 2018 жылдың 1 тоқсанындағы қызметтің қорытындыларын қарау және алдағы даму келешегін қарау  бойынша филиалдардың директорларымен кеңес өткізілген болатын.

         Кеңес барысында Кәсіпорын мен оның филиалдарының ағымдағы қызметі бойынша мәселелер талқыланып, қазіргі уақытта туындаған мәселелер айқындалып және оларды шешу жолдары қарастырылды.

         «Қазаэронавигация» РМК директоры А.Ғ Бектұров өз сөзінде Кәсіпорынның 2017 жылғы және 2018 жылдың 1 тоқсанындағы негізгі қызмет қорытындысы айқындады.

         Өткен жылғы қорытынды бойынша ҚР әуе кеңістігінде қызмет көрсетілген ұшудың жалпы саны 2016 жылғымен салыстырғанда 10% артты, осы ретте транзиттік ағынның ұзақтығы 6% артты.

ҚР ӘК қызмет көрсетілген ұшудың ұзақтығы (ұшақ-километрлер) 6%, транзиттік ағынның ұзақтығы 4% артты.

         Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында қызмет көрсетілген ұшудың жалпы саны 10,5% артқан, бұл ретте транзиттік ұшу қарқыны 10,5% артқан. ҚР ӘК қызмет көрсетілген ұшудың ұзақтығы (ұшақ-километрлер) 7,2%, транзиттік ағынның ұзақтығы 7,5% артты.

         Орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен филиалдардың директорларының сөздері тыңдалды.

         Еліміздің әуе кеңістігінің қауіпсіздігі мен тартымдылығын арттыру үшін біздің жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажеттігі туралы атап өтілді.

         Кеңес қорытындысы бойынша тиісті іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

1478