Malaysia Airlines ескірген A330 орнына жаңа A330neo ұшақтарын таңдады
Салынған уақыты 31.08.2022 13:33
20 ұшақтың онын ирландиялық жалға беруші Avolon компаниясынан алса, қалған он ұшақты тасымалдаушы тікелей Airbus-тан сатып алмақшы.
Oneworld альянсына кіретін авиакомпанияның қазіргі 21 A330 ұшағы пайдаланудан шығарылып, 2024 жылы алғашқы A330neo ұшағымен ауыстырылатын болады.
Rolls-Royce Trent 7000 қозғалтқышымен жабдықталған ұшақтар 300 жолаушыны Азия, Тынық мұхит және Таяу Шығыс бойынша «сәнді жинақталған» екі класты бортпен тасымалдауға қабілетті.
A330neo сатып алу парктің қазіргі флагманы саналатын A330-дың орнын жайлап басу деген сөз. Операциялық тиімділікті жаңарту және жақсарту A330neo қамтамасыз ететін маңызды артықшылық, дегенмен жалғыз ғана артықшылығы емес. Бұл авиакомпанияға бір жолаушыға шаққандағы отын шығынын азайту арқылы экологиялық мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі. A330neo – кең салоны және бірнеше орналасу нұсқалары бар, премиум класты рейстерге арналған осы көлемдегі ең үнемді лайнер болып саналады.
1760