ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК делегациясы Польша Республикасының аэронавигациялық кәсіпорнының жұмысымен танысты

Салынған уақыты 28.05.2018 16:00

2018 жылғы 14-17 наурыз аралығында бас директордың бірінші орынбасары Ф.Ф.Богдашкин бастаған «Қазаэронавигация» делегациясы Польша Республикасының аэронавигациялық кәсіпорнының халықаралық талаптарға көшу және соған сәйкес жетілдіру іс-шараларын іске асыру тәжірибесімен танысу мақсатында  Варшава қаласында осы кәсіпорынның өкілдерімен кездесуге қатысты.

Кездесу барысында «Қазаэронавигация» РМК делегациясы Polish Air Navigation Services Agency (PANSA) бас кеңсесін аралады.

 «Қазаэронавигация» РМК мамандары нормативтік талаптар мен қағидалар презентациясын қарап, Польшадағы пилотсыз басқарылатын ұшу аппараттарының (ПБҰА) ағымдағы жағдайымен, Drone Radar жобасының мобильді нұсқасымен, сондай-ақ Орталық Еуропалық демонстрациялық үлгі (CAA) – CED басқару орталығымен танысты.

Кездесу ашық пікірталас түрінде өтті. Тараптар өздерін мазалаған сұрақтарға нақты жауап алды.

600