ruenkz

ИАТА ұшу қауіпсіздігі жөніндегі конференция

Салынған уақыты 26.08.2022 14:46

ИАТА ұшу қауіпсіздігі жөніндегі конференция

            Екі жылдық үзілістен кейін ИАТА ұшу қауіпсіздігі жөніндегі конференция жаңа атаумен оралды және осы саланың басты басымдығына, яғни ұшу қауіпсіздігіне аса назар аударады.

           2022 жылғы 25-27 қазан аралығында БАӘ, Дубай қаласында ИАТА ұшу қауіпсіздігі бойынша конференция өтеді.

            ИАТА-ның 2022 жылғы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі конференциясы  - бұл сала өз қызметін қалпына келтіріп, толық қалпына келтіру және өсу режиміне өткен сайын ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік саласының күн тәртібін қарауға және талқылауға арналған форум.

            Бұл іс-шара үш күндік бірлескен жұмыс, қарқынды пікірталастар мен пленарлық отырыстар үшін авиация саласының негізгі көшбасшыларын біріктіреді.

Талқылаудың негізгі бағыттары:

  • Ұшу қауіпсіздігі саласындағы көшбасшылық;
  • Пайдалану қауіпсіздігі;
  • Тәуекелдер негізіндегі аудит – IOSA;
  • Авиациялық дағдылардағы олқылықтарды талдау;
  • Болашақ технологияларын біріктіру;
  • Ақыл-ой еңбегі үшін қолайлы жағдайлар және жұмысқа дайындық;
  • Авиациялық спектр саласындағы талаптар мен міндеттер;
  • Қызметкерлерді жалдау және ұстау стратегиялары;

Бұл конференция:

  • Авиакомпаниялардың бас директорларына;
  • Авиакомпаниялардың операциялық директорларына;
  • Қауіпсіздік және ұшу өндірісі бойынша жоғарғы басшылыққа;
  • EASA, FAA, JAA-UAE сияқты негізгі салалық органдардың басшыларына;
  • ӘК және қозғалтқыш өндірушілеріне;
  • Саланың негізгі жеткізушілеріне;
  • Стартап-компанияларға;

Проблемаларды шешу үшін жауаптыларға арналған. 

1774