ruenkz

Әлемдік авиакомпаниялар ұшақтарға арналған қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігіне тап болды

Салынған уақыты 18.08.2022 15:45

The Wall Street Journal хабарлауынша, бірнеше авиакомпания ұшақтарға қосалқы бөлшектердің болмауына байланысты рейстерін тоқтата тұруға мәжбүр. Lufthansa, Qatar Airways және американдық Silver Airways аймақтық тасымалдаушысы әуе паркінің бір бөлігінен бас тартуға мәжбүр және жеткізушілерден авиациялық бөлшектерге сұранысты қанағаттандыру үшін өндірісті ұлғайтуды сұрайды.
 
Ұшқыштар мен жүк тасымалдаушыларының жетіспеушілігіне байланысты көптеген авиакомпаниялар бүкіл әлем бойынша әуежайларда рейстердің тоқтатылуына және кешіктірілуіне тап болды. Ұшақ бөлшектерін өндірушілер жазғы сапарлардың көлемі өскен сайын жеткізілімнің кешігуіне жол бермеу үшін өндіріс көлемін арттыруға тырысады.

CFM International американдық-француздық кәсіпорны өзінің серіктес жеткізуші компанияларында қиындықтардың туындауына байланысты, жаңа қозғалтқыштарды жеткізу кестесінен шамамен екі айға артта қалып келеді. Rolls-Royce компаниясы да кідірістерден зардап шегуде және шешім табу жолында көп жұмыс атқарып жатыр. Ал оның бәсекелесі Pratt & Whitney жыл соңына дейін қозғалтқыштардың жеткізілімін арттыруды жоспарлап отыр.

1792