Әлемдік авиакомпаниялар қаржылық қолдауды қажет етеді
Салынған уақыты 17.08.2022 12:40
Әлемдік әуе көлігі индустриясы күрделі және екіұшты жағдайларда қалып отыр. Макроэкономикалық, экологиялық және геосаяси қауіп-қатерлерге байланысты шығыстардың өсуі, отынға, инфрақұрылымға және жұмыс күшіне жұмсалатын шығыстардың өсуі, сондай-ақ жоғары борыштық жүктеме салаға қысым көрсетеді, деп атап өтті IATA-да. Авиакөлік бизнесі тұтастай алғанда әзірге шығынды болып отыр – бағалау нәтижесі бойынша, ағымдағы жылы авиакомпаниялар шамамен 9,7 млрд АҚШ долл. көлемінде құрамдастырылған шығындарға ұшырайды деп болжанып отыр.
Операциялық көрсеткіштердің біртіндеп қалпына келуіне қарамастан, түрлі өңірлерде авиакомпаниялардың банкротқа ұшырау тәуекелі жоғары болып отыр. Пандемия басталғаннан бері екі жыл ішінде, IATA мәліметтері бойынша, 90-ға жуық авиакомпания банкроттыққа тап болды. Егер мемлекеттер дағдарысқа қарсы қолдау шараларын қолданбаса, банкроттық және банкротқа дейінгі жағдайлардың тізімі үлкенірек болар еді. Жалпы, IATA бағалауы бойынша 2020 жылдың наурыз айынан бастап 2021 жылдың қазан айына дейін мемлекеттер өз тасымалдаушыларына көмек ретінде 243 млрд. несиелер, мемлекеттік кепілдіктер, субсидиялар, өтемақылар және салық артықшылықтарын бөлген еді.
Соңғы жылы ірі логистикалық компаниялар тарапынан әуе бизнесіне деген қызығушылықтың арту үрдісі байқалды. Пандемия кезінде нарықтың жүк сегменті жүк сыйымдылығының күрт төмендеуіне, логистикалық тізбектердің бұзылуына және бағаның болжанбайтын динамикасына тап болды. Сондықтан көптеген логистикалық компаниялар қолданыстағы авиакомпаниялармен өздерінің авиакөлік бөлімшелерін құру арқылы байланысты нығайтуға мүдделі.
1877