ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК-да жұмыскерлерден психологиялық климатты жақсарту мүмікіндіктерін бағалау бойынша сауалнама алынды

Салынған уақыты 25.05.2018 10:15

2018 жылғы сәуір-мамыр айларында кәсіпорын филиалдарының және орталық аппаратының жұмыскерлері арасында кәсіпорынның психологиялық климатын жақсарту мүмкіндіктерін бағалау үшін сауалнама өткізілді.

Сауалнаманың аноним түрінде өткізілуіне қарамастан, кәсіпорын қызметкерлері оған белсенді түрде қатысты. Айталық, сауалнамаға екі мыңнан астам адам жауап берді, бұл Кәсіпорын жұмыскерлерінің жалпы санының  80%-нан астамын құрайды.

Сауалнама ұжымдағы және бөлімшедегі психологиялық атмосфераның жағымды екендігін көрсетті.

Ұжымның жұмысына шын берілгендігі байқалады және жұмыскерлердің басым көпшілігі өз жұмысына көңілі толып, қуаныш сезінеді. Ұжымда жұмысқа көңілсіз және мазасыз күйде келетін жұмыскерлер жоқтың қасы.

Тұлғааралық қарым-қатынастар, жұмыс жағдайлары және компанияның тұрақтылығы кәсіпорындағы психологиялық атмосфераның қалыптасуына әсер ететін ең оңтайлы фактор ретінде танылды.

Алдағы уақытта жұмыскерлер арасында сауалнаманы жиі және басқа бағыттар бойынша өткізу жоспарланып отыр.

Әкімшілік және кадрлық жұмыс департаменті

1948